1990 жылдың 26 қараша №363/12 Халық депутаттары Ұлытау аудандық Советі атқару комитетінің шешімімен Ұлытау аудандық Советі атқару комитетінің жеке құрам шаруашылық есеп архиві болып ашылды.

1992 жылдың 03 наурыз Ұлытау  аудандық әкімшілігінің 116/2 шешімімен шаруашылық есептегі архиві таратылып, таратылған шаруашылық есептегі архивтің негізінде аудан әкімінің архиві бөлімі құрылды.

Өз алдына жеке есеп шотын ашып, бюджеттік мекеме болды. Сол уақытта штат кестесінде:

  1. Директор-1
  2. Бас есепші-1
  3. Бірінші санатты архивист-1
  4. Екінші санатты архивист-1
  5. Еден жуушы-1

1992-1997 жылдар  аралығында мекеменің атауында өзгерістер болған жоқ.

ҚР Президентінің 1997жыл 3 мамырдағы Жарлығымен Жезді ауданының құрамында Қарағанды облысына берілді.

ҚР Президентінің 1997ж. 23 мамырдағы Жарлығымен Жезді ауданы таратылды.

ҚР Үкіметінің 1997ж. 23 мамырдағы қаулысымен Жезді ауданының аумағы, сонымен қатар Жезді поселкесі Ұлытау ауданына берілді.

Осы жылдары Жезді аудандық архив бөлімі жабылып, таратылды.

1997 жылы 07 қаңтарда Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мұрағат болып өзгертілді.

1998 жылы қазан айынан бастап рестовратор, іс-қағаз жөндеуші штаты қосылған.

2000 жылдың 07 қаңтарда «Ұлытау аудандық мұрағат» мекемесі Ұлытау ауданының әкімінің 1-7/09 шешімімен құрылған.

Қарағанды облысының әкімдігінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы №02/02 қаулысы мен  2005 жылғы 28 қаңтардағы «Қарағанды облысы мұрағаттар және құжаттама бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №3ө бұйрығына сәйкес «Ұлытау ауданының мұрағаты» мемлекеттік мекемесі «Ұлытау ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Қарағанды облысының әкімдігінің 2008 жылғы 09 сәуірдегі №08/01 қаулысымен «Қарағанды облысының архивтер және құжаттама бөлімі» ММ  «Қарағанды облысының архивтер және құжаттама басқармасы» ММ болып өзгертілді.

Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 03 маусымдағы №42/07 «Қарағанды облысының мәдениет басқармасы»  мемлекеттік мекемесі мен «Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі  біріктіру арқылы «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды

Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі №57/04 «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік ұйымдарды қайта атау туралы» қаулысына сәйкес  Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Ұлытау ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Мемлекеттік қайта тіркеу куәлігі 2013 жылы 23 қазандағы  № 17193023-КММ.

- Мемлекеттік мекеменің мақсаты:

- Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Ұлттық мұрағат қоры  құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

- Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 22 желтоқсанындағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының аудан (қала)аумағындағы бөлігіне иелік етуге, пайдалануға  билік етуге өкілеттігін жүргізу болып табылады.

- Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- Мемлекеттік мекеме бағдарына сәйкес Ұлттық архив қоры және таратылған ұйымдардың жеке құрам бойынша құжаттарымен толықтыру;

өкілетті орган белгілеген нысан бойынша толықтыру дерек көздері – ұйымдар тізімін жүргізу;

Мемлекеттік мекемені толықтыру дерек көздері – ұйымдардың іс қағаздарын жүргізу, мұрағат мұрағат және сараптау қызметтерімен өзара әрекет ету, оларға іс қағаздарын жүргізу мен істерді қалыптастыру кезінде құжаттарды ұйымдастыруға, құжаттардың құндылығын сараптау, оларды Ұлттық мұрағат қоры құрамына іріктеу және тұрақты сақтауға тапсыру дайындығы бойынша, жеке құрам бойынша құжаттарды реттеу жөнінде, іс қағаздарын жүргізу мен мұрағат ісі мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар (құралдар) дайындау жөнінде, ұйымдардың іс қағаздарын жүргізу, мұрағат және сараптау қызметтері жұмысын жетілдіру және аталған қызметтердегі жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша  әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

Мұрағат құжаттарын қойып көрсету және жариялау, ғылыми және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мұрағаттық оқулар, толықтыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды есепке алу мен пайдалану мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу; Мұрағаттық анықтамаларын беру бойынша мемлекеттік қызмет  көрсету;